Қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық сотын ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігімен жинақталған әкімшілік іс қарады.

Сот отырыстарында анықталғандай, құқық бұзушы бұрын да бір жыл iшiнде екi қайтара осындай әрекеті үшін әкiмшiлiк жазаға тартылған бола тұра, Казталов ауылының көшесінде алкогольдік масаң күйде жүрген.

Қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйде жүрген үшін заңда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ретте, құрамында спирт бар алкогольдік ішімдікті қонақта, мейрамханада және т. б. жерде пайдаланғаны маңызды емес.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі