Кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов  аудандық сотында судья лауазымына біліктілік емтихан тапсыру туралы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат  бойынша кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы,  аудан әкімі аппаратының, жер қатынастар бөлімінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы Умсын Мухангалиева, өз сөзінде: аудандық соттың судьясы болып, отыз жасқа толған; жоғары заң бiлiмi, мiнсiз беделі және заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар; біліктілік емтиханын тапсырған,  медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған  құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алатынын, одан басқа, облыстық және Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып өтті.

Спикер: - судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және жеке басының қадір-қасиеті, - дей келе, тәжірибесімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат үшін ұйымдастырушыға алғысын білдірді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі