Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің қорытынды кеңесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан  облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Нұрлан Қажғанов облыс соттарының қызметі және іс жүргізу жағдайы туралы, сондай-ақ Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің 2017 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жұмыс қорытындысына арналған кеңес өткізді

Іс-шараға облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Эльвира Темирниязова, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен облыс соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Кездесуде бөлім басшыларының өткен мерзімде атқарылған жұмыстары, Департаменттің негізгі міндеттерін жүзеге асыру және орындау туралы баяндамалары, сондай-ақ 2017 жылдың 1 тоқсанындғы статистикалық есептері тыңдалды.

Кеңесте персоналды басқару бөлімінің басшысы Б. Оразғалиева "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында өткен аттестация қорытындысы бойынша облыс соттарының кадр құрамы жақсы нәтижеге қол жеткізгенін атап айтты. Мамандарға мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұлжытпай сақтау керектігі туралы ескертті.

Сонымен қатар, дыбыс-бейне жазбасының репликациялануы барысында туындаған мәселелер, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселерінің 2017 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттары тыңдалды. Қатысушылар облыс соттарының қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: