Айыппұл төлемегені үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкейорда аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 669 б. (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Бөкейорда ауданының тұрғыны екі жыл ішінде үш қайтара әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, алайда тағайындалған айыппұлды төлемеген.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы кінәсін мойындап, жұмыссыз екенін түсіндірді.

Сот барлық іс бойынша анықталған мән-жайларды, сонымен қатар, оның жұмыс жасамайтынын, яғни табысы жоқ екенін ескеріп, оған әкімшілік жаза ретінде 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі