Архив событий

12/02/2016

Үкім жарияланды

12/02/2016

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық істің үкімін жариялады.

Жүргізуші құқығынан айырылды

12/02/2016

Ақжайық аудандық соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған белгілерімен жауапкершілікке тартылған азаматқа қатысты әкімшілік ісін қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жүргізуші ішімдік ішкен күйінде көлік басқарып, өзінің де және өзгенің де жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген.

Даулар медиация тәртібімен реттелді

12/02/2016

Казталов аудандық соты азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Статистикалық көрсеткішке сәйкес, жыл басынан бері аудандық сотта 3 азаматтық іс арасындағы  дау медиация тәртібімен шешілді.

Еңбек кодексінің жаңашылдықтары бойынша «дөңгелек үстел» өтті

12/02/2016

 Казталов  ауданының №2  сотында құқық қорғау органдарының, әкімшіліктің, жалпы орта білім беретін мектептердің, мектеп жасына дейінгі мекемелердің өкілдерінің қатысуымен «Еңбек кодексінің жаңашылдықтары»   тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Учаскелік инспекторлармен семинар өтті

12/02/2016

Теректі аудандық №2-ші соты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды және жеке айыптаудағы шағымдарды әзірлеу» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Семинарға сот төрағасы И.К.Ниязгалиев, судья Е.Г.Усманов, сот мамандары және Ақжайық полиция бөлімінің  учаскелік инспекторлары қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара

12/02/2016

Тайпақ ауылдық орталықтандырылған кітапханасында «Бағытымыз айқын, жолымыз жарқын» атты семинар-кеңес өтті.

Шараға Ақжайық аудандық №2 сотының судьялары, Тайпақ полиция бөлімінің,  ауылдық округ әкімінің, колледждің, мектеп-гимназияның,  кітапхананың өкілдері қатысты.

Айыппұл төлемегені үшін әкімшілік қамауға алынды

12/02/2016

Бөкейорда аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 669 б. (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Бөкейорда ауданының тұрғыны екі жыл ішінде үш қайтара әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, алайда тағайындалған айыппұлды төлемеген.