Архив событий

24/02/2016

Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

24/02/2016

 

Тасқала аудандық сотында көлiк құралдары жүргiзушiсінiң  жол жүру ережелерін  бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы  көлік құралын басқару кезінде алдағы келе жатқан көлікке соқтығысып, иесіне материалдық залал келтiрген.

Сот ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

24/02/2016

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ата-аналық құқығынан айыру туралы істі қарады.

Сотта анықталғандай тараптар 2011 жылдан бастап заңды некеде тұрған, некелерінен ортақ 2012 және 2013 жылы дүниеге келген балалары бар.

БҚО МКҚБ ММ-нің қызметкерлерімен «дөнгелек үстел» өтті

24/02/2016

Қаратөбе аудандық сотында «Сот ғимратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақыбырында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Балық аулау қағидасын өрескел бұзған

24/02/2016

Ақжайық аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 383 б. 3  б. (тиым салынған орында және  тиым салынған құралмен балық аулау қағидасын өрескел бұзу) бойынша әкімшілік ісін қарады.

Ақжайық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының инспекторы Орал  өзенінен балық аулаған азаматты ұстаған.

Сот ҚР ӘҚБтК-нің 45-тарауына сай берілген шағымды қарады

24/02/2016

Казталов аудандық соты аудан тұрғынының «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің 2016 жылдың 29 қаңтардағы ҚР ӘҚБтК-нің 288 бабының  1 бөлігі бойынша шығарылған әкімшілік жаза қолдану және 15 856 теңге әкімшілік айыппұл салу туралы қаулысына берген шағымын қарады.

Тасымалдау қызметімен заңсыз айналысқан

24/02/2016

Теректі аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, ЖПҚ қызметкерлері мемлекеттік кірістер басқармасының қызметшілерімен бірлесіп, аудан орталығынан келе жатқан бағытта,  салық органдарында тіркелмей, жеке автокөлігімен жолаушы тасымалы қызметімен айналысып жүрген құқықбұзушыны тоқтатқан.