Архив событий

25/02/2016

Орал қалалық сотына жаңа судья тағайындалды

25/02/2016

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» 2015 жылғы 18 ақпандағы №197 Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты таратылды.

Көшпелі «дөңгелек үстел» және тұрғындармен кездесу өтті

25/02/2016

Қаратөбе аудандық соты Қоскөл селолық округіне барып, «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Шараға округ әкімі, әкім аппаратының қызметкерлері, жергілікті полиция инспекторы, кәсіпқой емес медиатор, ауыл тұрғындары, жергілікті «Қаратөбе өңірі» басылымның тілшісі қатысты.

Электрондық сервис қызметтері туралы ақпараттық баннер

25/02/2016

Зеленов аудандық №2 соты Зеленов ауданы Дариян ауылының Халыққа қызмет көрсету орталығында, Абылай хан атындағы орталық көшесінде «Сот кабинеті» электронды сервисінің қызметтері және сот кабинетінің мобильді нұсқасы туралы ақпараттық баннерлер орнатты.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын түсіндіру жөніндегі семинар

25/02/2016

Жаңақала аудандық сотының төрағасы судьялармен және сот қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар сабағын өткізді.