Архив событий

16/02/2016

Жасөспірімдер соты «Орал қ. білім беру бөлімі» ММ-нің арызын қанағаттандырды

16/02/2016

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты «Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ-нің 17 жастағы қыз баланы девианттық мінез-құлықты  балаларға арналған арнайы білім беру мекемесіне жолдау туралы арызын қанағаттандырды.

Сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

16/02/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі  апелляциялық  сот алқасының төрағасы М.Б.Нағашыбаев Бөрлі аудандық сотында облыстық және аудандық соттың  судьялары, аудан прокуратурасы және ІІБ-нің, Бөрлі ауданының Пробация қызметінің өкілдері, кәсіпқой емес медиаторлар, адвокаттар, сот қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауапкершілікке тартылды

16/02/2016

Казталов ауданының № 2 сотында  сотты құрметтемеушілік фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сай, құқықбұзушы  өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғаннан кейін, сот отырысы залынан шығып келе жатып, ашық тұрған кеңсе бөлмесінің есігін соғып сындырған.

Ақпараттық баннер

16/02/2016

Ақжайық аудандық соты Ақжайық ауданының Чапаев ауылында «Сот кабинеті» және оның мобильді нұсқасы электрондық сервисінің қызметтері туралы ақпараттық баннерін орнатты.

Баннерде «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтары және азаматтарға оны қолдану тәсілдері, қызметі туралы ақпарат толық көрсетіліп жеткізілген.

Талапты қанағаттандырудан бас тартылды

16/02/2016

«М» ЖШС-і «Г» жеке кәсіпкеріне шартты бұзу және жеткізілмеген тауарды қайтаруға мәжбүрлеу туралы  талап арызбен сотқа жүгінді.

Талап арыз жүк тасымалдау қызметін көрсету шарты бойынша жауапкердің алдын ала төлемді алып, тауарды жеткізбегенімен негізделген.