Архив событий

08/02/2016

«Донор күні»

08/02/2016

Ақпанның 5-де Орал қалалық сотының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық қан орталығымен бірлескен "Донор күні" өтті.

Қалалық және мамандандырылған соттардың судьялары мен мамандары Батыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлеріне қан тапсырды.

Жол қауіпсіздігін қадағаламаған

08/02/2016

Ақжайық аудандық №2 соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Имашевқа  қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Имашев  автокөлікті басқара отырып, жол және метереологиялық жағдайды ескермей, алдыңғы көлікке соқтығысып, салдарынан иесіне материалдық залал келтірген.

Тасқала ауданының әділет басқармасында өткен «дөңгелек үстел»

08/02/2016

Тасқала ауданы бойынша әділет басқармасында басшы К.Д.Таскалиеваның басшылығымен  аға сот орындаушысы Д.Н.Махашеваның, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Б.Утегенованың, бас маман М.С.Темиргалиеваның, жеке сот орындаушысы С.М.Сатимовтың, «Тасқала ауданы бойынша МКБ» ММ-нің жетекші маман Г.Н.Уразалиеваның қатысуларымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістері мен толықтулар туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Сенбілікке шықты

08/02/2016

Өткен  сенбі күні Тасқала аудандық сотының ұжымы  сенбілік ұйымдастырып, Тасқала  ауылының көшелерін қардан тазартуға қатысты.

Көпшілік шараға аудандық соттың барлық қызметкерлері белсенді атсалысты.

Толастаған қарды шығаруға техника қатыстырылды .

Шараға қатысушылардың айтуынша тиісті аумақты қар мен  мұздан уақтылы тазарту, мекемелерді көктемгі су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді.

Сенбілік барысында мекемелердің аумағы мен өтуге қиындық туғызатын жерлер қар мен мұздан тазартылып, шығарылды

 

Ата-атаналық міндеттерін орындамағаны үшін айыппұл салынды

08/02/2016

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-ң 127- бабы 1-бөлігімен (ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы) қозғалған әкімшілік ісі қаралды.

Жыл қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты

08/02/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында 2015 жылы сот әділдігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Шара барысында сот төрайымы Т.Ғұмарова 2015 жылы қаралған  қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша  статистикалық көрсеткіштерді атады.

Заңсыз қару алып жүрген

08/02/2016

Казталов аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік істі қарады.

Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін сотты болды

08/02/2016

Казталов аудандық соты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) айыптау туралы  қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, сотталушы аудандық сотқа мәжбүрлеп жеткізу туралы сот ұйғарымын орындау барысында барған Казталов АІІБ-нің полиция қызметкерін басынан бірнеше рет соққан.