Архив событий

01/02/2016

2015 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясы

01/02/2016

Жаңақала аудандық сотында 2015 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Шара барысында сот төрағасы А.Ғапуов соттың жылдық жұмысы жөнінде баяндап, түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін өткен жылмен салыстырмалы түрде атап өтті.

Базалық соттағы семинар

01/02/2016

Орал қалалық сотында облысымыздың сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар болып өтті. 

Семинарға  өңір  соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының персоналды басқару бөлімінің басшысының м.а. А.Мазалиева «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар» ҚР заңы бойынша енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып өтті.