Балық аулағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны балық аулауға тыйым салынған мерзімде, Үлкен өзен өзенінде балық аулауға тыйым салынған құралдар-құрма аумен балық аулап жатқан жерінен ұстаған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, сол күні құрма ауын құрып, балық ауламақшы болғанын, алайда үлгермей, инспекторларға  ұсталғанын айтып көрсетті.

Балық аулау және балық ресурстарын қорғау қағидасын бұзғаны үшін сот құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 383 б. 3 б. қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған деп танып, оған қатысты заңнама талаптарына сай 20 АЕК мөлшерінде 42420 теңгеге айыппұл салып, ау құралын тәркіледі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі