Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар және алдын-алу мәселелері бойынша семинар –кеңес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық сотын аудандық прокуратурамен бірлескен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын-алу мәселелері бойынша семинар –кеңес өткізді.

Шараға Бөрлі аудандық сотының төраға м.а. Л.Шамғонова, аудан прокуроры Ж.Аманбаев және прокуратура қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсанов, аудандық мектеп директорлары және мұғалімдері, мектеп психологтары,  селолық округтерінің әкімдері, медициналық мекемелерінің және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Бөрлі аудандық прокуратурасының прокуроры К.Жаппаров кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс туралы және оның профилактикасы бойынша қабылданған шаралар мен балалардың қадағалаусыз қалуының алдын-алу туралы хабарлап, 2015-2016 жылдар және 2017 жылдың 3 айы бойынша мәліметтермен таныстырды.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы м.а. Ж.Кукенова өзінің баяндамасында Бөрлі аудандық жалпы білім беретін мектептерінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алуы туралы айтты. Ол аудан бойынша статистикалық деректерді келтіріп, ауданның 24 мектепбінде барлығы 4 инспектор қызмет атқаратыны жайлы айтып, кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторлардың және психологтардың санын арттыру қажеттігіне назар аударды. Жаңартылған

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Каиргалиевтың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы баяндамасы тыңдалды.

Кездесу барысында Л.Шамгунова «Ұлт жоспары-100 нақты қадам»  бағдарламасында екінші реформа «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» маңызды рөл атқаратындығы туралы басып айтты. Заңды сақтау-бұл тек мемлекеттік органдардың, бірінші кезекте, азаматтық қоғамның, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік атмосферасы тәрбиелейтін отбасы-бірінші  бөлігі.  Әр қоғам мүшесі кіші жастан бастап, оның тәртібі қоғамның дамуына әсер ететінін білу қажет.

Талдау барысында округ әкімдері, мектеп ұстаздары оларды қызықтыратын қолданыстағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік  заңнамалардың ерекшеліктеріне қатысты, ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы туралы жауапкершілік мәселелері бойынша жауаптар алды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі