Сот медиациясы тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық соты Бөрлі аудандық орталық ауруханасынан моральдық залалды және материалдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша  азаматтық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жауапкер аудандық ауруханасына тиесілі автокөлікпен  жол көлік оқиғасын жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 610-бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылған, яғни жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын, жәбiрленушiнің денсаулығына жеңiл зиян келтiрілгені сотпен анықталған. Сот отырысында талап қоюшы аудандық ауруханасына  талап арызынан бас тартып,  жауапкермен  сот медиациямен дауды шешу туралы келісімді жасасқан, оған сәйкес  талап қоюшы талап арыздан бас тартады, ал жауапкер  келтірілген материалдық залалды және моралдық  өндіру  жалпы 300 000 теңгені талап қоюшыға  төлеуге міндеттелген.

Сот, ұсынылған келісімді қарап, АПК-нің 277 бабы 6)  тармағының негізінде бекітіп, азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартты.  «Медиация туралы» заңының  27 бабының 5 тармағы,  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 548-бабының 1 бөлігінің 1- 2) тармақшасына сәйкес талап қоюшыға 1172 теңге мөлшерінде төленген мемлекеттік баж  қайтарылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі