Сот актілерін орындау бойынша өткізілген дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық сотында сот актілерін орындаумен байланысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Шараға судьялармен қоса, аудандық прокуратурасының прокуроры,  БҚО бойынша жеке сот орындаушысы, сот актілерін орындау бойынша Бөрлі аумақтық бөлім басшысы, АІІБ-нің бастығының орынбасары, Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, «Жас дарын» ҚҚ-ның төрайымы, Батыс Қазақстан инженерлік экономикалық колледжінің және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық сотының төрағасы Гамал Кулмуханов, дөңгелек үстел жұмысын ашып, сот төрелігін атқаруда аса маңызды буынның бірі сот актілерін орындау болып табылатынын атап өтті. АПК-нің 21 бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері, міндетті түрде орындалуға жатады, ал  олардың толықтығы және уақытылығы сот төрелігі жүйесінің жұмыс бағасының өлшемінің бірі болып табылады.

2012 жылдан 2017 жылдың маусым айы аралығында азаматтық, қылмыстық және  әкімшілік істер бойынша  орындалмаған сот актілеріне статистикалық мәліметтерге тоқталды. Сонымен қатар азаматтық істер бойынша орындалмаған сот актілерінің басым бөлігі Бөрлі ауданы  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық берешектерін өндіру туралы 512 сот бұйрығы бойынша жеткілікті шара қолданылмайтынын басып айтты.

Осы бағытта мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының  жұмысы  қанағаттандарылмайды, барлық орындалмаған сот актілері бойынша ескертулер жолданған, алайда бұл шаралар нәтижесіз.  

Дөңгелек үстел барысында осы мәселеге қатысты қатысушылар пікірлері тыңдалды. Оның ішінде борышкерлерді сот актілерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша әкімшілік жазаға тарту, сондай-ақ  әкімшілік айыппұлдар мен салық бойынша берешектерді өндіру бойынша мүдделі органдармен өзара іс-әркетін күшейту туралы пікір айтылды.

Осы мәселелерді талқылау бойынша Бөрлі ауданы бойынша МСБ-мен, АІІБ-мен, мемлекеттік және жеке сот орындаушылармен бір жұма ішінде барлық орындалмаған сот актілері бойынша салыстыру өткізіліп, оның нәтижесі бойынша ортақ  шараларды қабылдау туралы шешімге келді.

Сонымен қатар шара соңында өкілетті органдарының бастамасымен осы мәселелерді талқылау практикасын енгізу туралы ұсыныс айтылды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі