Жаңа заңнамаларды қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы М.Қадырбаев Шыңғырлау ауданының әкімі аппаратының құқық бөлімінің басшысы А.Нурушев, Шыңғырлау ауылының әкімі Г.Жұмағазиев, Шыңғырлау ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Ж.Сағынов, «Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің басшысы С.Ульяров,  адвокаттар  және медиаторлардың қатысуымен жаңа заңнамаларды қолдану жөнінде семинар өткізді.

Сот төрағасы М.Қадырбаев семинарды ашып, Азаматтық және Азаматтық процесуалдық  заңнамасына енгізілген толықтырулар туралы айтты. Шараға қатысушыларға талапкердің сотқа талап арыз беруі, пікір беру мерзімінің өзгеруі, сот процесін ұйымдастыру, азаматтық сот ісін жүргізу және өзге де мәселелердің кейбір кезеңдерінің нақты мерзімдерін сақтау, сондай-ақ, сот әділдігін жүзеге асыру кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға назар аудару қажеттігін түсіндірді.

Кездесу барысында Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ғ.Жұмағазиев  қатысушыларды медиация бойынша жүргізілген жұмыстармен таныстырды.

Шара соңында қатысушылар  азаматтық және азаматтық процесуалдық  заңнама нормаларын қолдануға қатысты мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі