Тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысқан үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 463 б. 1 б. (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу) жинақталған әкімшілік істі қарады.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы Казталов ауданы, Бостандық ауылындағы «Аружан» дүкенінде алкогольді өнімдерді сатуға арналған лицензиясы жоқ бола тұра алкоголь өнімін сатып, рұсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқан.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Сот істің мән-жайын зерделеп, құқық бұзушының кінәлі деп танып, алкоголь өнімдері тәркіленуімен, 35 350 теңге айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Соттың қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі