Теректі ауданында адам құқықтарын қоғау механизмдері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотының төрағасы Марат Мәліков Теректі ауданының әкімдігінде өткен «Қазақстанда адам құқығын қорғаудың халықаралық және ұлттық механизмдері» атты дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Аталған шарада ҚР Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысысы Т.Әбішев, Теректі ауданының әкімі М.Мұқаев, ҮЕҰ-ның, БАҚ-тың, мемелекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты     .

ҚР Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысысы Т.Әбішев адам және азаматтың басты құқықтары және бостандықтары жәніндегі, олардың қоғам және мемлекет алдындағы міндеттері туралы баяндамасында  Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары Конституциясына сәйкес танылатынын және кепілдік берілетінін, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылғанын, олар абсолютті деп танылатынын, олардан ешкім айыра алмайтынын, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталатынын атап өтті. Әркім құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

Бұдан басқа адамның құқық қорғау бойынша халықаралық механизмдері және азаматтардың өтініштерін ұлттық ұйымдарда қарау механизмдері талқыланды.

Аудандық сот төрағасы М.Мәліков өз тарапынан сот арқылы құқықты қорғау адамның құқықтарын жүзеге асыруда негізгі болып табылатынын, әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiлетінін айтты. «Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды» - деп түпкіледі төраға.

Шараның соңында, қатысушылар адам құқықтары жөніндегі комиссияның ҮЕҰ және мемлекеттік органдармен қарымқатынас мәселелерін талқылап, өзекті сұрақтарға жауаптарын берді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі