Теректі ауданында ҮЕҰ қатысуымен гендерлік теңдік мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотының төрағасы Марат Мәліков Теректі ауданының әкімдігінде өткен гендерлік теңдік мәселесіне қатысты «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.

Аталған шараға «Әйел, қоғам, болашақ» қоғамдық бірлестігінің өкілі Г.Төлегенова, мемелекеттік мекемелер, құқық қорғау органдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Теректі аудандық сотының төрағасы Марат Мәліков  өз сөзінде қазіргі кезеңдегі гендерлік теңдіктің маңыздылығын атап, өмірдің барлық салаларында ерлермен әйелдердің теңескендігін атап өтті. Әйелдер мен ерлер үшін нақты тең құқықтар қамтамасыз етіліп, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция қабылданды. Конвенцияда әйел жағдайын реттеудің халықаралық-құқықтық принциптерінің негіздері баяндалған, әйелдің ерлермен тең құқығын қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар жағдайлар қарастырылғанын, оның ауқымдылығын баса айтты.

«Әйел, қоғам, болашақ» ұйымының өкілі Г.Төлегенова іс шараның негізгі мақсаты - гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, гендерлік теңдік саласындағы жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шараларды талқылау екенін жеткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі