Сот орындаушының әрекетін даулаған банкроттық басқарушының шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық соты ЖШС-нің банкроттық басқарушысының сот орындаушының әрекетін заңсыз деп танып, мүлікті қабылдау-тапсыру  актісін күшін жою туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарады.

Істің құжаттарына сәйкес, арыз беруші сотқа шағым жолдап, онда АҚ-ның пайдасына ЖШС-нен берешекті өндіру туралы туралы атқарушылық өндіріс шеңберінде сот орындаушысы мүлікке бағалау жүргізіп, сауда-саттыққа қою туралы қаулы шығармастан қабылдау-тапсыру актісі негізінде ЖШС-нің 12.858.182.52 тенге тұратын мүлкін АҚ-ның меншігіне өткізген.

Банкроттық басқарушысының уәждеріне сәйкес, сот орындаушысы  аталған Заңның 68  б.

1 б. талаптарын бұзып, тыйым салынған мүлік өндіріп алушының меншігіне мүлікті бағалаушы тағайындамастан өткізілген.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңының

6 бабының 1 бөлігіне сәйкес, атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Мүлікті тапсыру жөніндегі сот орындаушысымен жүргізілген атқарушылық әрекеттер мерзімі 20 маусым 2014 жыл.

Талапкердің негізге алып отырған Заңның қазіргі редакциясындағы 68 бабының талаптары мүлікті тапсыру кезінде қолданыста болмаған. Сот орындаушының мүлікке бағалаушы тағайындау туралы қандай болмасын міндеттері болмаған.

Сот шешімімен банкроттық басқарушының сот орындаушының әрекетін заңсыз деп тану туралы шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі