Сот көлік жүргізу құқығын уақытша тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық соты жеке сот орындаушының екі борышкерге қатысты жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату туралы ұсынысын қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғанындай, соттың шешімімен борышкерлерден «Казкоммерцбанк» АҚ-ның пайдасына ортақ түрде 49 527 700 теңге мөлшерінде несие берешегі өндірілді. Борышкерлер тарапынан берешекті өтеу бойынша төлемдер жүргізілмеуі салдарынан атқару парағы бүгінге дейін орындалмаған.

Сот актісін орындау барысында борышкерлердің көлік жүргізу куәлігі бар  екені анықталды.

ҚР «Атқару  өндірісі  және  сот орындаушылардың  мәртебесі  туралы» Заңының  34 - бабына   сәйкес,    атқару  өндірі  250  АЕК-тен  көп  болған  жағдайда,  сот орындаушысы борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу сондай-ақ, борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыным жолдайды.

Іс материалдарын  зерделей  келе, сот жеке сот орындаушының ұсынысын қанағаттандырып, борышкерлердің көлік жүргізу куәлігін уақытша тоқтатты.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі