Тасқала аудандық соты 2016 жылдың 1 жарты жылдық жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы С.Есжанов 2016 жылдың 6 айында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті «Екпін» басылымының тілшілерінің қатысуымен  брифинг өткізді.

Кездесу барысында С.Есжанов 2016 жылдың 1 жартыжылдықта былғырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  азаматтық және әкімшілік істердің көбейгенін хабарлап, қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша қысқаша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

 Есепті мерзімде медиация тәртібімен 28 іс, оның  ішінде 10  қылмыстық, 18 азаматтық іс қаралғанын атап өтті.

Кездесуде сот төрағасының м.а. С.Есжанов    сот тәжірибесіне  партисипативтік медиация, сот медиациясы сияқты татуластыру рәсімдері енгізілгені туралы,  барлық ауылдық округтерінда медиация кабинеттері ашылып, кәсіпқой емес медиаторлар  тағайындалғаны туралы атап өтті. Сонымен бірге жеңілдетілген іс жүргізу, жеңілдетілген  іс жүргізу өндірістері енгізілгенін хабарлады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  шаралар өткізу бойынша медиа-жоспар дайындалып, жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Төрағаның міндетін атқарушы С.Есжанов тілшілерге мемлекеттік органдармен  барлық соттарға әкімшілік құқық бұзушылық істерді сот кабинеті арқылы жіберу енгізіліп,  барлық әкімшілік істер жылдың басынан бастап тек сот кабинеті арқылы түсіп жатқаны, 2016 жылдың басынан ҚР сот органдарында «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сот іс жүргізуі енгізіліп, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары электронды құжат айналымы АІЖО ААЖ арқылы жүргізетінді туралы айтты.

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы  БАҚ өкілінің  сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі