Сот мұрагердің мұраны қабылдау құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов ауданының №2 соты мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қоюшының  арызынан белгілі болғандай, 2013 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін, ½ жер телімімен тұрғын үй түріндегі мұра ашылған, заңды түрде мұраға талапкер мұрагер болып есептелді.

Алайда, талапкер сол үйде өзінің өгей әкесімен бірге тұрып, мұралыққа ат салысуға ешқандай  іс-әрекет жүргізбеген, себебі жылжымайтын мүлік әділет департаментінде талапкердің өгей әкесінің атында тіркелген болатын. Алайда 2016 жылдың маусым айында өгей әкесі қайтыс болғаннан кейін, талапкер нотариусқа өтініш пен жүгінген кезде, үй анасына әкесіне де ортақ үлесте екені анықталып, мұраға талапкердің заңды мұрагер болуына байланысты талапкер екі үлеске де жекелеп тұру керек екендігі анықталған. Сонымен қатар, мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алуына байланысты талап қоюшыға  мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартылған.

Өз арызында талапкер үйдің жарты үлесі оған тиесілі екені белгісіз болғанын, жер учаскесі мен үйдің техникалық құжаты өгей әкесінің атында болуына байланысты, талапкер соттан анасынан қалған жылжымайтын мүлікке мұраға тұру мерзімін қалпына келтіруін сұрады.  

АК-нің 1072-3 б. сәйкес, мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагердің арызы бойынша,  егер мұрагер мерзімді өткізіп алғанына дәлелді себептер болған кезде және ол сотқа алты айдан кейін өту себептері жойылса, сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және  мұрагер деп таниды.

Сот іс құжаттарын зерттеп, талапкерлердің талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.  

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі