Архив событий

06/12/2016

Сот заңсыз жұмыстан босатылған жұмысшыларды өз лауазымдарына қайта орналастырды

06/12/2016

Орал қаласының №2 соты талапкерлердің жауапкерге РММ «ҚР ауылшаруашылық Министрлік қадағалау және ветеринарлық бақылау Комитетіне» жұмыстан шығарылу туралы бұйрықты заңсыз деп тану, бұрынғы лауазымға қайта орналастыру, еркінен тыс жұмыссыз қалған күндерінің еңбек ақысын өндіру туралы талабын қарады.

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

06/12/2016

Жәнібек аудандық соты «Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерден көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша  азаматтық істі қарады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы борышкерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарламаны уақытылы тапсырған, алайда берешек төленбеген.

Аудандық сотта сот актілерін орындау мәселелерін талқылады

06/12/2016

Казталов ауданының №2 сотында  Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы С.Ғаббасов, аға сот орындаушысы А.Байжигитова, пробация қызметінің өкілі Е.Адиетов және сот қызметкерлерінің  қатысуымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.