Архив событий

22/12/2016

Азаматтық істерді қараудың оңайлатылған іс жүргізу тәртібі

22/12/2016

Казталов ауданының №2 соты  69 азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады. Оның 31-і  «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерлерден көлік құралы салығын өндіру туралы  азаматтық істер.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерлер құралына салынатын міндетті салықты уақытында төлемеген.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» тақырыбында семинар өтті

22/12/2016

Жәнібек ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында сот кабинеті сервисінің мүмкіндіктерін түсіндіру мен қолдану мақсатында, «Сот кабинеті» электрондық сервисі»  тақырыбында семинар өткізілді. Сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін арттыру, жеңілдетілген сот ісін жүргізу, сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында,  сот төрелігін жүзеге асыруда заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бойынша көптеген іс шаралар жүзеге асырылды.