Архив событий

07/12/2016

Сот қызметкерлері спорттық жаттығуға жазылды

07/12/2016

Cалауатты өмір салтын ұстану мақсатында Жәнібек аудандық сотының қызметкерлері Жәнібек ауылының спорт кешені ғимаратында аптасына 3 рет, әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері волейболдан өтетін жаттығуға жазылды.

Ұсақ бұзақылық жасаған 1699 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/12/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сот  ағымдағы жылдың 11 айында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды ластап, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 1699 азаматтарға қатысты  әкімшілік іс қарады.                               

Көліктегі құқықбұзушылықты жасаған 3 351 тұлға жауапкершілікке тартылды

07/12/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың 11 айында ӘҚБтК 30-тарауы «Көліктегі  әкімшілік құқықбұзушылықтар» бойынша құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 3 351 әкімшілік іс қарады.

253 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/12/2016

2016 жылдың 11 айында Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сот шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан азаматтарға қатысты 253 әкімшілік іс қарады. Аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» - туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.