Сотты құрметтемегені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігімен сотты құрметтемеген үшін аудан тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Құқықбұзушы сотқа масаң күйде келді, осы факт медициналық қорытындысымен расталды. Құқықбұзушыға қатысты аға сот приставы әкімшілік хаттамасын толтырды.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы кінәсін мойындады, өз жасаған іс-әрекетіне өкінді. Сот іс материалдарын зерттеп, әкімшілік жазаның 5 тәулік мерзімінде әкімшілік қамау түріндегі қаулысын шығарды.

Қаулы заң күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі