Зеленов ауданының №2 соты

Сотты құрметтемегені үшін қамаққа алынды

06/12/2018

БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігімен сотты құрметтемеген үшін аудан тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Құқықбұзушы сотқа масаң күйде келді, осы факт медициналық қорытындысымен расталды. Құқықбұзушыға қатысты аға сот приставы әкімшілік хаттамасын толтырды.

Медиация жолымен бұрынғы ерлі-зайыптылар татуласты

24/04/2017

БҚО Зеленов аудандық №2 соты ҚР ҚК-нің 131 б. 1 б.  бойынша қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты.

Сот барысында анықталғандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдық жағдайында тіл тигізу  қорлау  салдарынан, бір-бірін ҚР ҚК-нің 131 б. 1 б.  бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке  айыптау шағымы мәлімделген.

Грузия Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/04/2017

Зеленов аудандық №2 соты Грузия Республикасы азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, шет ел азаматы Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін үш тәуліктен асатын уақыт ішінде Қазақстан Республикасының шегінен шықпаған және елде болу мерзімін ұзартпаған.

Сот жүйесі- Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын табысты жүзеге асырудың маңызды буыны

24/03/2017

Мемлекет Басшысының Жолдауындағы сот жүйесіне қойылған міндеттерді орындау шеңберінде, Зеленов аудандық №2 сотының бастамасымен, Рубежин колледжінің ғимаратында аудандық прокуратура қызметкерлері мен колледж студенттері, "Асқақ арман" қоғамдық бірлестігі мүшелері мен сондай-ақ "Ауыл тынысы" аудандық газеті тілшісінінің қатысуымен кездесу өтті.  

Беттер