Архив событий

12/12/2016

Ақжайық аудандық №2 сотының ұжымы қайырымдылық шарасына қатысты

12/12/2016

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Ақжайық аудандық №2 сотының ұжымы  қайырымдылық шарасына қатысты.

Төраға Тамара Гумарованың бастауымен сот ұжымы аудан әкімінің шыршасына қатысуға шақырту алға, Құрман Байсықов атындағы мектептің 4 сынып оқушысы Бибіжан Климоваға карнавал костюмын алуға көмек қолдарын созды.

Жәнібек аудандық сотында судьялардың жаңа әдеп кодексін талқылады

12/12/2016

Жәнібек аудандық сотында сот төрағасы А.Бижанов судьялары мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіп, барысында 2016 жылдың 21 қарашасында өткен республика судьяларының VII съезінде бірауыздан қабылданған судьялардың жаңа әдеп кодексін талқылады.

М.Ықсанов атындағы колледж студенттерімен кездесу

12/12/2016

Жәнібек аудандық сотының судьясы Н.Жұмәлі және кеңсе меңгерушісі Б.Басырбаев М.Ықсанов атындағы колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья Н.Жұмәлі Елбасының республика судьяларының VII съезінде берілген тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты белсендету және судьялардың жаңа Әдеп кодексінің қабылдануы туралы баяндама оқыды.

Көп балалы отбасына көмек

12/12/2016

Шыңғырлау аудандық сотының ұжымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қарсаңында, өз қаржыларына, алты бала  тәрбеиелеп отырған  Шыңғырлау ауылдық округінің тұрғынына қайырымдылық көмегін көрсетті.