Архив событий

09/12/2016

Медиация институтының дамуына үлес

09/12/2016

Достық үйінде өткен аудандық медиаторлардың ағымдағы жыл ішінде атқарған жұмысы бойынша қорытынды отырысында медиация институтын дамытып, тұрғындар арасында кеңінен насихаттауға белсене қатысқаны үшін Федоровка ауыл округінің кәсіби емес медиаторы М. Құбашев БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты масаю күйінде көлік басқарған 1 005 тұлғаны жауапкершілікке тартты

09/12/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың 11 айында көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған тұлғаларға қатысты 1005 әкімшілік істі қарады.

Аудандық сотта ҮЕҰ-дың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

09/12/2016

Казталов ауданының №2 сотында  бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Сот төрағасы Азамат Бурамбаев Елбасының республика судьяларының VII съезінде судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттер туралы баяндады. Ол сөзінде съез делегаттары Судьялар әдебінің жаңа кодексін талқылап, бірауыздан қабылдағанын айтты.

Сот мұрагердің мұраны қабылдау құқығын қалпына келтірді

09/12/2016

БҚО Зеленов ауданының №2 соты мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қоюшының  арызынан белгілі болғандай, 2013 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін, ½ жер телімімен тұрғын үй түріндегі мұра ашылған, заңды түрде мұраға талапкер мұрагер болып есептелді.