Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Ресей елінің ерлі-зайыптылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты Ресей Федерациясының 2 азаматына қатысты  ҚР ӘҚБтК 517 б. 2 б. әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік істің құжаттарына сай, шекара бекетінің қызметкерлерімен құжаттарға тексеру жүргізу барысында үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында жүрген Ресей Федерациясының 2 азаматы ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталған.

Сот қаулысымен ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ерлі-зайыптылар кінәлі деп танылып, құқық бұзушылардың зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты әр қайсысына 10,5 АЕК көлемі мөлшерінде қысқартылған айыппұл салынды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі