Архив событий

30/12/2016

Облыстық соттың төрағасы Бек Әметовтың Жаңа жылдық құттықтауы!

30/12/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлерін 2017 жаңа  жылмен құттықтады.

Облыстық соттың төрағасы барлық қатысушыларды сот жүйесінің нығаюына қосқан үлестері, судьялар корпусының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруда жеткен белгілі  жетістіктері үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша «дөңгелек үстел» өтті

30/12/2016

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында облыстық сотының судьясы Г.Қырықбаевтың, облыстық прокуратура, БҚО ІІД, адвокаттар алқасы  өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамыту»  бойынша дөңгелек үстел өтті.          

БҚО МАЭС доғарыстағы судьяны құттықтады

30/12/2016

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сот жүйесінің ардагері Батаева Қарылғаш Наурызғалиқызын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қарылғаш Наурызғалиқызы өз кезегінде құттықтауға ризашылығын айтып, сапалы сот төрелігін атқаруда толағай табыстарға жетуге тілектестігін білдірді

Жаңа жыл қарсанында салтанатты жиын өтті

30/12/2016

Казталов аудандық сотында судьялардың және сот қызметкерлерінің қатысуымен Жаңа жыл қарсанында салтанатты жиын өтті.

Шараны сот төрағасы Р.Хайырбеков ашып, ағымдағы жылдың есептік қорытындысын баяндап, қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс, отбасыларына береке тіледі.

Судьялыққа үміткерлерге көзқарастарыңызды білдіріңіз

30/12/2016

Батыс Қазақстан облыстық соты соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, аудандық сот төрағасы мен судьясы лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткердің іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, судьяларға мемлекеттік талапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық және адамгершілік бет –