Пилоттық жобаны түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Шараға  «Мейірім» отбасын әлеуметтік қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігін басшысы М.Шамшитова, «Батыс Қазақстан мүгедектері ерікті қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Тасқала аудандық филалының басшысы А.Ғұбайдуллин,  «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы  Г.Молдашева, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің  басшысы И.Сулейманова қатысқан.

Кездесу барысында сот төрағасы А.Дүйсенғалиев пилоттық жобаның  мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп,  пилоттық жоба 2017 жылдың 01 ақпаннан бастап 01 шілдеге дейін ықпал ететінін,  кейінгі  сотқа дейін реттеу істердің санаттарынмақсатқа лайықтылықты анықтау туралы ұсыныстарын енгізу туралы атап өтті.

Спикер  пилоттық жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері- татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту,азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделігін анықтау болып табылатының айтты.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде    шараға қатысушылар  пилоттық жобаны толық қолдап, өткізілген шараның маңыздылығын көрсеткен.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі