Мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлерімен семинар сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотының төрағасы А.Дюсингалиев сот қызметкерлерінің және БҚО МКҚ ММ-нің Тасқала ауданы бойынша полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Шарның басты мақсаты сотқа келушілердің сотта болуының белгіленген тәртібін бұзу фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, судьялардың, сот жүйесі қызметкерлері мен сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті топтасып бұзу көріністеріне жол бермеу аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп кодексінің талаптарын сақтау.

Сот төрағасы А.Дюсингалиев сот ғимаратында сыбайлас жемқорлықты және басқа да келеңсіз жағдайларды болдырмауда бүгінгі шараның маңызы зор екенін, сотқа шақыру қағаздарымен келген тараптарды тіркеу тәртібі талаптарын орындау және сот залына кіргізу мәселелері туралы айтты.

Сонымен қатар, сот жүйесінің қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктелген лауазымдық міндеттерін тосын жағдайларды болдырмау мақсатында қатаң сақтауға тиіс екендігін атап көрсетті.

Жиын соңында сот төрағасы сыбайлас жемқорлықты болдырмай оның алдын алу мақсатында,  сот қызметкерлеріне әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды, келеңсіз жағдайларға жол бермеуді және бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастарға бармауды тапсырды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі