Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұдан басқа, осы отырыста әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жіберудегі мәселелері де талқыланды.

Отырыс  барысында сот төрағасы А.Бурамбаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жинақтаған кезде материалдар толық көлемде толтырылмайтынын, көбінесе кодекстің баптарының диспозициясы дұрыс көрсетілмейтінін, жауапкершілікке тарту бойынша мәліметтер толық болмай, хаттамада болған құқық бұзушылық қа қатыысты уақыты, орын алған жері, т.с.с.  кемшіліктер көп кездесетінін айтты. Судья С.Уразгалиева осындай кемшіліктерді болдырмау үшін ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын қатаң сақтап, құжаттарды толық жинақтау қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі А.Бисенова өз баяндамасында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар өздерінің істерін «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдайтындарын атап өтті. Аталған сервис істердің қозғалысын қарап, олар бойынша шығарылған сот актілерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа,  соттар мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара әрекет етуді оңтайландыру және автоматтандыру үрдісін жалғастыру мақсатында сот төрелігін электрондық қамтамасыз ету, қағаз түріндегі құжат айналымынан шығып, соттарда электрондық істер мен мұрағаттарды қалыптастыру жұмыстары өткізіліп жатырғанын  айтты.

 «Дөңгелек үстел» қатысушылары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі