Казталов ауданының №2 аудандық сотындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 аудандық сотында  онлайн түрде «WhatsApp» мессенджері арқылы мемлекеттік сот орындаушысы К.Абдуллинңің және жеке сот орындаушысы Н.Амреева қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Борышкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын шектеу туралы сот орындаушыларының қаулыларын санкциялаудан бас тарту себептерін талқылады. Соның ішінде, сот төрағасының м.а. С.Уразгалиева, сот орындаушыларының  борышкерге хабарламаның табыс етілуінің заңдылығын, соттылығының, кезекті төлемдердің уақытының аспауының және іс жүргізу тілінің сақталмау салдарынан, соттар АПК-нің нормаларына сүйене отырып, сот орындаушыларының қаулыларын санкциялаудан бас тартатынын атап өтті.

Талқылау барысында дөңгелек үстелдің қатысушыларына әуре-сарсаңға салмау мақсатында  заң шеңберінде жұмыстануды, анықталған кемшіліктердің  жіберілмеуін тапсырды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі