Ерлі-зайыптылар медиация арқылы отбасыларын сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2  сотында  неке бұзу туралы талабы бойынша екі азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың заңды некеде тұратындықтарын және ортақ некеден олардың бірнеше балалары бар екендігі анықталды. Екі іс бойыншада тараптар  мінездерінің келіспеушілігіне байланысты некелерін бұзуды сұраған.

Істерді қарау барысында судья Азаматтық процестік кодекстің 174-бабының 2-бөлігіне сәйкес азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібінде  реттеу мүмкіндіктерін, татуластыру рәсімін жүргізудің тәртібін, дауды реттеудің нәтижелерін толық  түсіндірді. Сот жүргізген іс-әрекеттер нәтижесінде тараптар отбасын сақтау туралы өзара шешімге келді.

Сот дауды реттеу туралы жасалған келісімдердің шарттарын бекіту және істерді жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымдар шығарды.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі