Әкімшілік қамауға алынып, ҚР шегінен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов ауданының №2 соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап әкімшілік құқықбұзушылық жасаған Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынада уақытша келіп, Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын өрескел бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 5 бөлігі бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып бұзушылықтар жасап, көші-қон карточкесінде көрсетілген Қазақстан Республикасына келу мақсатымен сәйкес келмейтін, құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысқаны анықталған.

Соттың қаулысы бойынша Өзбекстан Республикасының азаматына 3 тәулік әкімшілік қамау мерзімімен қоса, Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу жөнінде жаза қолданылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі