Қайырымдылық акциясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық соты сот төрағасы М.Қадырбаевтың  басшылығымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету аясында қайырымдылық акциясына қатысты.

Судья А.Маженова төрт бала тәрбиелеп отырған Шыңғырлау ауылының тұрғыны Г.Тлегенованың тұрғын үйіне барып, оларға ұжым атынан күнделікті қажетті азық-түліктерді табыс етті.

Өз кезегінде көп балалы ана аудандық сот ұжымына алғысын білдіріп, денсаулық және жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі