Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі туралы тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен  кездесу өтті.

ХҚК орталығының өкілдері, интернет желіге шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға талап арызды (өтінішті), шағымдар мен өтініштерді жолдау барысында білікті маман тәжрибелік және консультациялық көмек көрсететін өзін-өзі қызмет ету бұрышы ұйымдастырылғанын хабарлады.

Соттың кеңсе меңгерушісі О.Т. Қадесов өз сөзінде заманауи технологияларды еңгізу мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді алып тастайды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.

Кездесуді қортындылай келе, соттың жетекші маманы А. Гарифуллина аталған сервис арқылы түсетін құжаттар саны жоғарлағанын айтып, өткен жылмен салыстырғанда «Сот кабинеті» арқылы түскен құжаттардың саны екі есе көбейгенін атап өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі