Дауды сотқа дейінгі реттеу тәсілдері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотының судьясы Мерлан Құсайынов Теректі ауданының Достық Үйінде өткен «Медиация – сотқа дейінгі дауды реттеу» атты дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Аталған шарада Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация орталығының өкілдері Т. Италиева және Р. Арыстангалиева, аудан әкімдігінің, прокуратурасының, білім бөлімшесінің, БАҚ-ның, ҮЕҰ-ның өкілдері және медиаторлар қатысты.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация орталығының өкілдері Т. Италиева «Кәсіби емес медиаторлардың жұмысын үйлестірудегі бірқатар мәселелер» тақырыбындағы баяндамасында кәсіби емес медиаторлардың жұмыстарының ерекшеліктерін және азаматтардың тарапынан оларға деген сенімін білдіретін медиаторлардың көмегіне жүгінген азаматтардың саны көбейгенін атап өтті.

Өз тарапынан, аудандық сот судьясы М. Құсайынов істер бойынша кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен байланысты статистикалық мәліметтерді келтіріп, медиациянын тиімділігі келіссөздер процесін жургізу үшін жағдай жасау аркылы, даулы карым-катынастарға тартылған тараптардын мүдделерін ескере отырып, медиатордың катысуымен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқыктарын қалпына келтіруді жеделдету және сотка талап-арыз берген кезде төленген мемлекеттік бажды толық көлемде қайтарудан тұратынын айтты.

Кездесу барысында шараға қатысушылар жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобамен, оның мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырылды.

Шараның соңында, қатысушылар медиаторлардың ҮЕҰ және мемлекеттік органдармен қарымқатынас мәселелерін талқылап, өзекті сұрақтарға жауаптарын берді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі