Дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 сотында, 4 066 000 теңге берешек соманы және 100 000 теңге моральдық залалды өндіру туралы талап арызы медиация тәртібімен қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу үшін сот медиациясына ұсыныс түсті.

Сот, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі зерттей отырып, заңға қайшы келмейтінін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, тараптардың дауды бірінші сатыдағы сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілуге жатады деп тапты.

Сот медиациясы тараптардың өз-ара татуласумен келісті, нысан және медиация туралы келісім мазмұны Қазақтан Республикасының «Медиация туралы»  заңына сәйкес келеді.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және істі тоқтату ҚР  «Медиация туралы» заңның 27 бабында, сондай ақ,ҚР АІЖКнің 27, 278 бабтарында көрсетілгендерін тараптарға түсіндірді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі