Бітімгерлік рәсімдері – қоғамдағы жанжалды төмендетудің жолы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының  мамандандырылған  ауданаралық экономикалық соты  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  іске  асыру» тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, кәсіпқой  және кәсіпқой  емес медиаторлар, ҮЕҰ өкілдері қатысты. Кәсіби медиатор К.Темірғалиев медиаторлардың көмегімен дауды бітімгершілікпен шешуге қол жеткізетіндіктен, медиацияны  қолданудың маңыздылығын атады.

Судья Л.Корсакова өз сөзінде Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа  дейін реттеуді  азаматтық сот ісін жүргізу болып табылатынын атап айтты. Жоба  баланың  мүдделеріне, еңбек, мұрагерлік, көршілерінің  арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы  туралы, некені  бұзу  және мүлікті  бөлу, қарыз келісім шарттары сақтандыру және т.б.  даулардың санаттары бойынша міндетті медиация жүргізуді қарастырады.

Судья,  тараптардың келісімі  бойынша медиацияны сотта судья,  не татуластыру келісімдерін  жүзеге асыратын медиатор жүргізетінін, сонымен  қатар, ҚР «Медиация  туралы» Заңына  сәйкес, еріктілік, медиация тараптарының  тең  құқығы туралы қағидаттар негізінде  жүргізілетінін атап  өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: