Суд отказал в иске о признании ответчика недобросовестным участником государственных закупок

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы АҚ-ның  ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыбын өндіру туралы  талап арызын қарады.

Сотта анықталғаны, талапкердің мемлекеттік сатып алу қорытындыларына сай, тараптардың арасында тауар-қорғаушы құралдар жеткізуге келісім  шарт  жасалған. Жауапкер 30 күн ішінде талапкерге  тауар жеткізуге міндеттенген, алайда жауапкер тауарды 12 күнге кешіктіріп тұрақсыздық айыбын төлеген.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабына сай, «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысының 5-тармағына сәйкес,  сот, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін қатерге алып, бұл жерде жауапкердің өз міндеттемесін тиісінше орындауға барлық шараларды алғанын, кейін орындағанын, талапкер тарабынан кінә қойылмайтынын, тапсырыс берушіге мерзімді бұзуынан жағымсыз салдардың туындамағанын  ескеріп, талапты қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: