Экономикалық сотының судьясы студенттерге дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Давлетова «Қазақстан Республикасы судьяларының VII сьезінде Банголор қағидасына сай қабылданған судьялық әдеп кодексі» тақырыбында М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Дәріс барысында А.Давлетова  студенттерге Судьялық әдеп кодексі  Қазақстан Республикасы судьяларының VII сьезінде2016 жылдың 21 қарашада қабылданғанын, 15 баптан тұратынын, кодексте судьяның мінез-құлық принциптеріне басты назар аударылып, сот  төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды және ар-ожданды басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілгенін жеткізді.

Кодексте судья сот билігінің беделін  түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін  жүзеге асыру кезінде оның обьективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен бойын аулақ ұстауы тиіс екендігіне кеңінен  мән берілгенін  айтып өтті.

Шара соңында судья студенттерге өз ісінің маманы болуын тілеп, қойылған сауалдарға жауап берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: