Тараптардың татуласу келісімен 7 миллион теңгеден астам өндіру туралы талап арыз қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке  кәсіпкер ЖШС-н  7 971 600 тенге  көлемінде  берешекті өндіру  туралы  талап арызымен Батыс Қазақстан облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді. Талапкер жауапкердің шарт бойынша жалға алған  тұрғын  ғимарат  үшін ақы төлеу туралы өз міндеттемесін тиісінше орындамауына байланысты берешекті өндіруді сұраған.

Іс сотпен оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібмен қаралды. Істі қарау барысында  тараптар татуласу келісімін жасау туралы өтініш түсіріп,  келісім шарты бойынша жауапкер талабынан бас тартып, ал жауапкер   2017  жылдың қыркүйек  айынан бастап барлық сомманы 2018 жылдың  наурыз айына дейін және өкіл көмегіне жұмсалған шығынды  өтеу туралы міндеттеме алған.

Тараптардың татуласу келісімін жасасуы заңға қайшы келмейтінін, басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, Азаматтық Процестік Кодекстің 174-177,194, 2 т., 277-бабының 2 тармағы бойынша бікітті.  Өндірістегі  азаматтық   іс жүргізу қысқартылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: