Аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ә.Қарекенов және сот қызметкердің қатысуымен «Құралдарын техникалық аудио-, бенежазбаны қолдану туралы Қағида» атты тақырыпта семинар өткізді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі сот қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің хатымен таныстырып, сот отырысының хатшыларды сот отырысының аудио-, бейнежазбалар жүргізу бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған фактілері іс жүзінде орын алуда және 2015 жылғы 24 қарашадағы Департамент басшысының бұйрығымен сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу туралы Қағиданың талаптарын бұлжытпай сақтауы қажеттігі туралы хабарлады.

Семинарға қатысушылар осы хатты жұмыста қолдану үшін орындауға қабылдады.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі