Архив событий

27/04/2016

Тараптар дауды сот медиациясы арқылы шешті

27/04/2016

Талапкер Орал қаласының №2 сотына жүгініп, өткен жылдың желтоқсан айында Орал қаласындағы базарлардың бірінің аумағында  жауапкердің  иті    оны талағанын айтқан.  Сот-медициналық сараптамаға  сәйкес, талапкерге «аяқ  саны  тістелудің  орташа  зақымы  келген» деген  қорытынды  шығарылып, иттің иесі ҚР ӘҚБтК 408 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін жауапқа тартылды

27/04/2016

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 590 б. 4 б. әкімшілік іс қарады.

Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен жауапкершілік көзделген.

Сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

27/04/2016

Казталов ауданының №2 сотында  аудан прокурорының аға көмекшісі Е.Сафаровтың, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі А.Кушеновтың және   сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот жүйесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Есірткі заттарды заңсыз дайындап, өткізу мақсатынсыз сақтаған

27/04/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ҚК-нің 296 б 1 б., 296 б. 2 б. бойынша  айыпталған Н.Долбленовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сай, сотталушы Зеленов ауданы Достық ауылындағы ескі бақта болып, қарасора өсімдігін теріп алып, кептіріп, жеке тұтыну үшін сақтаған.

Жүргізу куәлігінсіз трактор басқарғаны үшін қамауға алынды

27/04/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында Ақжайық ауылының тұрғынына  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 6 б. жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы «Т-40М» маркалы трактор көлігін  алкогольдік масаң күйінде, жүргізу куәлігінсіз басқарған.

Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған

27/04/2016
Теректі аудандық №2-ші сотында ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң
балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Сот дауды реттеу туралы келісімді бекітті

27/04/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында 77 950 теңге бережақ соманы өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттары бойынша, жауапкерлердің жасы кәмелетке толмаған балалары талапкердің үйіне заңсыз кіріп, ұрлық жасап, 77 950 теңгеге материалдық залал келтірген.

Сот қызметкерлері арасында семинар өтті

27/04/2016

Теректі аудандық №2-ші соты қызметкерлері арасында соттарының әкімшілік ғимараттары мен оларға тиесілі аумақта түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынаманы талдау туралы семинар сабағы өтті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

27/04/2016

Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ҚК-нің 108 б. (жеңіл түрде дене жарақатын келтіру) қозғалған қылмыстық ісін қарады. 

Іс бойынша жекеше айыптаушы себепсіз ұрынып, қолының саусақтарын тырнап жеңіл түрде дене жарақатын салғаны азаматшаны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрап сотқа жүгінген.

Аудандық сотта семинар сабағы өтті

27/04/2016

Бөкей ордасы  аудандық сотында сот төрайымы Г.Т.Сагитованың басшылығымен сот қызметкерлері және БҚО МКҚ ММ-нің Бөкей ордасы ауданы бойынша полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Жол-көлік оқиғасы

27/04/2016

Орал қ. мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 610 б. 2 б. әкімшілік іс қарады.

Көлік жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын жәбірленішінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 2 бөлігімен жауапкершілігі көзделген.

Ішімдік ішіп көлік басқарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылды

27/04/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот анықтағандай, құқық бұзушы  ішімдік ішіп, көлік басқарып, ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген ҚР жол қозғалысы Ережесінің 2 т. 4 б. 2 т. бұзған.

Халықтың көші-кон саласындағы құқық бұзушылық

27/04/2016

Бөрлі аудандық соты халықтың көші-кон саласындағы заңнамасын бұзуы, тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Есірткілік масаң күйінде көлік басқарған

27/04/2016
Зеленов ауданының №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 1 б. жинақталған әкімшілік іс қаралды.
Істің мәні бойынша, құқық бұзушы есірткілік масаң күйінде көлік құралын басқарып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.