Архив событий

14/04/2016

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

14/04/2016

Аудан тұрғыны өзін Ч-тың ұрып-соққанын, осыған байланысты оны ҚР ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрап,  Каратөбе аудандық сотына жүгінген.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушіні ұрып, денсаулыққа қасақана жеңіл дене жарақатын келтірген.

Судьялыққа үміткерлерге көзқарастарыңызды білдіріңіз

14/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық соты соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, аудандық сот төрағасы мен судьясы, облыстық сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткердің іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, судьяларға мемлекеттік талапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық жә

Сот ұжымы шағын футболдан кубок иегері атанды

14/04/2016

Жаңақала ауылында Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Сатқали Сапаровты еске алуға арналған IV шағын футболдан ауыспалы кубогі үшін аудандық ашық турнир өтті.

Іс медиация рәсімін қолданумен қысқартылды

14/04/2016

Жекек кәсіпкер ЖШС-нен жеткізілген тауарға 700 000 теңге берешекті және 49000 теңге өсімпұл өндіру туралы талап арызбен БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгініп, жауапкердің жеткізу шарты бойынша алған тауардың ақысын төлеу туралы өз міндеттемесін тиісінше орындамауына байланысты берешекті және өсімді өндіруді сұраған.

Тараптар келісімге келді

14/04/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ақсуат ауылында орналасқан өзінің тұрғын үйінде азаматтық некедегі жұбайына былапыт сөйлеп, отбасының мазасын алып, тыныштығын бұзған. Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, жұбайынан кешірім сұрағанын көрсетті.

Бөтеннің мүлкін ұрлап, жазаға тартылды

14/04/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 3 т. ұрлық, яғни, тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру туралы қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы алкогольді масаю күйінде жәбірленушіге тиесілі жалпы құны 28 000 теңгенің мүлкін жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

14/04/2016

Қаратөбе аудандық сотының судьясы О.Миралиев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында  Қаратөбе аудандық мектеп-гимназиясының оқушыларына «Тәуелсіз ел-мәңгілік ел» тақырыбында баяндама оқыды.

Дәріс мектеп-гимназияның залында, мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Заңсыз аң аулаған үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

14/04/2016

Казталов аудандық соты ҚР ҚК-нің 337 б. 1 б., (заңсыз аң аулау), ҚК-нің 339 бабымен (заңсыз пайдалануға тыйым салынған жануарлардың бөліктерін дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау және тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қарады.

Есірткі затын заңсыз сақтаған

14/04/2016

Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен (есiрткi затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Жаңақала аудандық сотында семинар өтті

14/04/2016

Жаңақала аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.Искакованың  және сот мамандарының қатысуымен «Төрелік» ақпараттық сервисінде жұмыс кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

14/04/2016

Жаңақала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабы 1 бөлімі (хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi  жүзеге асыру) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот РФ Саратов облыстық сотының ұйғарымын ҚР аумағында тану және мәжбүрлеп орындату туралы ұсынысты қанағаттандырды

14/04/2016

Жаңақала аудандық соты РФ Саратов және Самара облысы бойынша «Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекаралық басқармасы» ФМҚМ-нің 2015 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасының азаматынан сот шығындарын өндіру туралы Ресей Федерациясы Саратов облыстық сотының ұйғарымын Қазақстан Республикасы аумағында тану және мәжбүрлеп орындату  туралы ұсынысын қарады.

Полиция қызметкерлеріне қатысты жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

14/04/2016

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты полиция қызметкерлеріне байланысты көрінеу жалған сөз жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі келісімдік іс жүргізуде қарады.

Бұзылған құқық қалпына келтірілді

14/04/2016

Талапкер   А.   жауапкерлер  РММ  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық экономикасы  Министрлігінің тұтынушылар  құқығын  қорғау   Комитетінің    Батыс   Қазақстан  облысы   тұтынушылар   құқығын  қорғау   Департаменті»  ММ, «Тұтынышылардың құқығын   қорғау   Департаментінің   Орал  қалалық   басқармасы» ММ-не   әрекеттерін  заңсыз  деп  тану,  моральдық  шығын  өндіру,  тәртіптік  комисиясының  хаттамасын  заңсыз  деп  тану  талап  арызымен  сотқа  жүгінді.