Архив событий

04/04/2016

Аудандық сотта баспасөз мәжілісі өтті

04/04/2016

Батыс Қазақстан облысының Казталов  ауданының №2  сотында жергілікті атқарушылық органдарының, құқық қорғау органдарының және аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісінің қатысуымен 2016 жылдың 1-тоқсанының жұмыс қорытындысына арналған баспасөз мәжілісі өтті.

Ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

04/04/2016

Казталов аудандық соты қысқартылған тәртіппен ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 3 тармағы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушінің шаруашылық сарайына заңсыз кіру арқылы үй-шаруашылық заттарын ұрлап, соның салдарынан жәбірленушіге 40 000 теңгеге материалдық залал келтірген.

Мәжбүрлі түрде емдеуге жолданды

04/04/2016

«Облыстық   арнайы  наркологиялық  емдеу-  алдын  алу  мекемесі» МККМ-сі сарапшы  қорытындысына  сәйкес алкогольдық  ішімдіктер   әсерінен   психикалық    ауытқушылық,  тәуелділік  синдромы маскүнемдік   ауруымен  ауратын және  өз  еркімен   емделуден  бас  тартқан  азаматты мәжбүрлі     түрде  емдеуге  жіберу туралы арызымен  сотқа  жүгінді.

Судья болашақ заңгерлерге дәріс оқыды

04/04/2016

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.К.Сейдахметова Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Еуразия индстриалдық-экономикалық колледжінің студенттері – болашақ заңгерлерге «Сот жүйесіндегі кадр саясатына қойылатын талаптарды күшейту» тақырыбында дәріс жргізді. 

Ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімі мен оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі

04/04/2016

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс бойынша конкурс  комиссиясының шешімі мен оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі: