Архив событий

01/04/2016

Мас күйінде басқарғаны үшін жүргізу куәлігінен айырылды

01/04/2016

Тасқала аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы автокөлігін алкогольмен масаю күйінде басқарып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.4.2. тармақтарында көзделген тәртіптерін бұзған.

Салық салу саласындағы құқықбұзушылықтарға қатысты әкімшілік істерді қарау мәселелері жөнінде «дөңгелек үстел» өтті

01/04/2016

БҚО Зеленов ауданының әкімдігінде салық салу  саласындағы құқықбұзушылықтарға қатысты әкімшілік істерді  қаралу туралы сұрақтары тақырыбында судьялар М.Э.Шингалив, А.Б.Тюлегеновтің, Зеленов аудандық прокурорының орынбасары Р.Б.Молдахметовтің, Зеленов аудандық Әділет басқармасының басшысы, Зеленов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Жалпақтал ауылында "Сот кабинеті" ақпараттық баннері орнатылды

01/04/2016

Халықтың сот жүйесінің қызметіне деген сенімі мен қол жетімділігін арттыру мақсатында Жалпақтал  ауылының және ауыл аймақтары тұрғындарының назарына «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін қолдану бойынша баннер орнатылды.

БҚО-ның экономикалық сотында азаматтық іс жүргізудегі татуластыру рәсімі талқыланды

01/04/2016

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы А.А.Давлетова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен «Азаматтық іс жүргізудегі татуластыру рәсімі» тақырыбында дәріс өткізді.    

Қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған

01/04/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) жинақталған әкімшілік істі қарады.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы Қошанкөл ауылының орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратының ішінде, яғни қоғамдық орында, жәбірленушіге былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген, сөйтіп қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасаған.

"Ашық есік күні"

01/04/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өтті.